«Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты ақпараттық сағат

E-mail Печать PDF

     15 қаңтар күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру, жүргізген саясатын, іскерлік қабілетін, жасаған енбегін халыққа жеткізу мақсатында кітапханашылар мен оқырмандарға «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты ақпараттық сағаты өткізілді.

     Төртінші өнеркәсіптік революция – бұл жаңа технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басуы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын халыққа түсіндіру кітапханашылардың да міндеті.

     Кітапханашы Қошанова Шынар Елбасы Жолдауының басым бағыттарына тоқталып,

орындау барша Қазақстандықтарға жүктелген міндет екенін жеткізді. «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі Ахметов Көшкінбай оқырмандарға, кітапхана қызметкерлеріне жолдаудың маңыздылығын түсіндіріп, жолдауда жазылған 10 міндетке тоқталды. Кітапхана қызметкерлері және шараға қатысқан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің суденттері Жолдау туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Мемлекет басшысы Жолдауын бейнебаян арқылы қарап, «Жолдау - жаңғырудың жаңа жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.