«Баспасөз - өмір айнасы» мерзімді басылымдарға шолу

E-mail Печать PDF

   2018 жылдың 10 қаңтар күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Баспасөз - өмір айнасы» атты мерзімді басылымдарға шолу жасады.

   Мақсаты: Кітапханаға жаңадан келіп түскен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасап, жастарды кітапханаға тарту.

Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.

   Мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Қошанова Шынар кітапханаға келіп түсетін баспасөз халықты рухани жағынан байытатын барлық мерзімді газет – журналдармен жеке таныстырып, ел мен елдің арасын байланыстырып, достық қарым-қатынасты орнатудың жаршысы деп оқырманды газет оқуға шақырды. Жалпы оқырмандарға кітапхананың кітап қорына мерзімді басылымдар жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырамыз. Оқырманның сұранысына сай жаңадан шыққан басылымдарға жазыламыз. Мысалы, «Рухани жаңғыру» журналына келесі жартыжылдықтан бастап жазыламыз.

   Аталған тақырып аясында мерзімді басылымдар жайлы оқырмандардың пікірін тыңдай келе, басым көпшілік қауымның тұшымды әрі нақты ақпаратты газеттен алуға болатынын байқатты.

   Шара соңында оқырмандарға кітапхана қызметкері Қошанова Шынар республикалық, облыстық, аудандық, газет-журналдарға тоқталып өтті.