Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» электронды нұсқасының кітабына өткізілген шолу

E-mail Печать PDF

     8 қаңтар күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасына шолу жүргізілді.

Мақсаты: Тарихта қалатын бұл кітапты оқырмандарға жан-жақты насихаттау. Оқырмандарымыздың рухын көтеру.Жастарды отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Шараға қатысқандар:Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы -Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті, Нұргүл Қонақбаева – Ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және баспасөз бөлімінің қызметкері, Бейсова Гүлмира Исатайқызы – ҚРХУ аға оқытушысы, шет тілдер магистрі және оқырмандар, кітапхана қызметкерлері.

     Кітапханашы Хамидуллина Бақтыгүл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабыныңэлектронды нұсқасымен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Бұл кітап Қазақстан ҰЭК қорына енгізілген. Кітап тарихи публицистика жанрында жазылған. Кітапта егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен оның бастамашысы болған Тұңғыш Президентіміздің көзқарастары берілген. Сонымен қатар «Тәуелсіздік дәуірі - егеменді елдің шежіресі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге елбасының бұған дейін шыққан кітаптары, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдары қойылды.

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы еліміздің зиялы қауым өкілдері арасындағы таныстырылуы бейне ролик арқылы көрсетілді. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.