«Сиқырлы Жаңа Жыл» сыйқырлы кеш

E-mail Печать PDF

 2017 жылдың 29 желтоқсанында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Сиқырлы Жаңа Жыл» сыйқырлы кеші өтті.

     Мақсаты: Жаңа жылды қарсы алудың ерекшеліктеріне тоқталу, мерекелік көңіл күй сыйлау.

       Жаңа Жыл мерекесі ең қызықты әрі көңілді ғажайып мерекелердің бірі. Бұл кешті барлық елдер тойлайды.Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін асыға күтіп, келер жыл тек жақсылығымен молшылығымен келсін деп тілейді.

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, Үкіметтік емес ұйыдар қауымдастығының қызметкерлері.

Кітапхана қызметкерлері де оқырмандарымен бірге көңілді кеш өткізді. Жылдың басында кітапхана оқырмандары арасында «Болсайшы оқырманның бәрі осындай» атты байқау жариялаған болатын. Бүгін соның қорытындысы жарияланып, кітапхана директоры Г.Н.Калдина үздік оқырмандарға Бикбасова Сания, Темиряев Александр, Жампейісов Темірбек, Каленов Тарлан, Уразалимов Миржанға «Үздік оқырман» алғыс хатымен марапаттады. Сондай ақ Азатова Инабат «Үздік сайт оқырманы» болды.

Қатысушылар «Фриски», «Шырша», «Гламур», «Күншуақ» болып бірнеше топқа бөлініп, өз өнерлерін ортаға салды. Сөжұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтылды. Шара барысында «Жаңа Жыл» әндері орындалып, флешмоб биледі. Әр түрлі ойындар ойналды. Сондай ақ жасыл шырша Аяз ата, Ақшақар Жаңа жылдың символы Ит жылыда шараның сәнін келтірді.

«Төрлет-құтты Жаңа Жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді. Шара соңында естелікке суретке түсті.