«Культура и дружба, межнациональное отношение» атты онлайн –конференция

E-mail Печать PDF

             15 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н.К.Крупская атындағы облыстық әмбебап –ғылыми кітапханасымен халықаралық «Культура и дружба, межнациональное отношение» атты онлайн-конференция өткізді.

       Мақсаты: екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту, этнос аралық мәдениетті өзара дамыту, іс-тәжірибе алмасу.

Конференцияға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы –Г.М.Маханова; ҚР мәдениет қайраткері – Е.Ж.Құрманбеков «Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығының орынбасары - Б.А.Снабаева; Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті-А.Е.Дюсенова;Ақтөбе облысының этномәдени бірлестігінің өзге ұлт өкілдері, №16, 26 мектеп оқушылары қатысты.

Орынбор облысының қатысушыларынан Орынбор облысының әкімдігі мен Үкіметінің ішкі саясат басқармасының кеңесшісі- К.А.Моргунов; С.С.Таикешева - «Дом дружбы народов» облыстық қоғамдық ұйымның төрағасы және т.б.

Шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Г.М.Маханова ашты. Кітапхана қызметкері Мукашева Алтынай шараны одан әрі жүргізіп, қонақтарды таныстырып, шараның мақсат, міндеттерін айтып өтті. Одан кейін Крупская атындағы Орынбор облыстық ғылыми –әмбебап кітапханасымен байланысқа шықты, Іс-тәжірибе алмасты.          

   Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен  Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергтің Ақтөбе мен Орынбордың 2017-2019 жылдарға арналған бірлескен маңызды іс-шаралар жоспарына қол қою қадамы шекаралас өңірлер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі бекіте түсті.

     Сондықтан конференцияға қатысқан зиялы қауым өкілдері еліміздің мәдениетін, этно мәдени бірлестіктің өкілдері өздерінің ой-пікірлерін айтып, өнерлерін көрсетіп, лебіздерін білдірді. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі А.Адаханова «Ах, Самара городок», «Дудар –ай» әндерін орындады. Жастар жағы өлеңдер оқып, қатысушылар «Библиотека культура –досуговый центр для молодежи» слайдын тамашалап, «Казахстан - страна дружбы и согласия» атты кітап көрмесімен танысты.