«Шексіз ғалам, Мен сенің бір бөлшегің...» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

      9 қарашасында сағат 11.00 де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын, драматург, жазушы, сатирик, жыршы - жырау, кинорежиссер, мәдениет қайраткері Баянғали Тоқанұлы Әлімжановпен «Шексіз ғалам, Мен сенің бір бөлшегің...» атты кездесу кеші өтті.

   Мақсаты: Баянғали Әлімжановтың шығармашылығын жастарға таныту, қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау.

     Шараға қатысқандар: Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары- Қ.М.Ермұқан; ақын –Н.А.Қалауов; ақын –Ж.Айжанов; Мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы – Н.С.Табылдинова, жас ақындар- Ж.Қожабекова, А.Көшкінбай т.б.

     Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов – ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстан Композиторлар Одағы мен Мәдениет министрлігінің Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты.

     Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасың басшысы ашты. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері Б.Әлімжановтың «Қожанасыр» сатиралық шығармасынан үзінді көрініс көрсетті. Ақынның өлеңдерін жастар мәнерлеп оқыды. Өлкеміздің зиялы қауым өкілдері Баянғали Әлімжановқа жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар сұрақтар қойып, қызықты әңгіме тыңдады. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Б.Әлімжановтың сөзіне жазылған әндерді орындады.

«Көкшенің бүгінгі Біржаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Дарынды ақын, асыл азамат» атты слайд тамашаланды.

     Шара соңында Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан ақын Баянғали Әлімжановқа алғыс хат және естелікке сыйлық табыстады.