«Ақын есімі-ел есінде» атты ауызша әдеби-журнал

E-mail Печать PDF

          8 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ұ.Құлымбетов атындағы 64 жалпы білім беретін мектепте «Ақын есімі-ел есінде» атты ауызша әдеби-журнал өткізді.

     Мақсаты: С.Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, акция жөнінде ақпарат беру, жастарды кітап оқуға тарту.

       2017 жылы «Бір ел-бір кітап» акция аясында жыл кітабы ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалып алынды. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.

       Ауызша әдеби –журнал 3-бөлімнен тұрды. 1-бөлім: «Тұлға. Демократ. Ағартушы» деп аталады. Бұл бөлімде ақынның туып өскен жеріне, қызметіне саяхат жасалынды. Бейнебаян арқылы студенттер С.Торайғыровтың ауыр да қысқа тағдырымен танысты. 2- бөлім «Асыл сөз» деп аталады. Бұл бөлімде жастар ақын өлеңдерін талдап, мәнерлеп оқыды. 3-бөлім: «Жарқын арманның асқақ ақыны». Мұнда оқушылар С.Торайғыровтың шығармашылығынан викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Абай   Бейбарыс, Алпысбай Әлішер, Нарен Назерке сынды оқушылар шараға ат салысып отырды.

«Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, аққан жұлдыздай зымырап, өмірден ерте кеткен өршіл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мәліметтер ұсынылды.