«Баянды болашаққа жетелейтін шешім» атты ақпараттық сағат

E-mail Печать PDF

    7 қараша күні сағат 14.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе политехникалық колледжінде мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Баянды болашаққа жетелейтін шешім» атты ақпараттық сағат өткізді.

     Мақсаты: елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдараламасын насихаттау, бағдарлама аясында елімізде, өлкемізде атқарылып жатырған көптеген шаралардан ақпарат беру. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі еліміздің жетістіктерін айту.

     Елбасының мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Н.Ә.Назарбаев өзінің мақаласында ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыруды, жастар арасында дәріптеп, ұлттық кодымызды, ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан ұрпаққа мұра ету үшін, көптеген жұмыстарды міндет етті.

     Шараны кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл жүргізді. Ол жастарға елбасы бағдарламасының бағыттарын айтып өтті. Студенттерге викториналық, логикалық сұрақтар қойылды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Ақгул Жүкетаева және студенттер арасынан Сапарғалиев Аслан, Мұраиова Сая, Қонысбай Нұрқиса өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

   «Рухани жаңғырудың - жарқын жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» слайды, мақаланың бағыттары туралы бейнебаян көрсетілді.