«Есет батыр ел есінде» тарихи сағат

E-mail Печать PDF

 

        25 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында №36 орта мектептің оқушылары арасында «Есет батыр ел есінде»  атты тарихи сағат өткізді.

 

       Мақсаты: Батыр бабаның өмір тарихын, ерлігін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету, таныстырып ақпарат беру. Өлкемізден шыққан дархан бабамыздың ерлік істерін насихаттау.

 

Еліне қорған болған, өз заманында қолына ту ұстап, қазақ халқының ар -намысын биікке көтерген, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған Есет Көкіұлының туғанына биыл 350 жыл толды. Батыр баба 1667 жылы дүниеге келген. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен Есет ел қорғау жорығына ерте араласты. Есет батырдай ірі тұлғалар, біріншіден, жас ұрпақтың рухын көтеріп, санасын қалыптастыру үшін, жерін, елін, Отанын сүйетін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте қажет.

 

     Бүгінгі шара барысында кітапханашы Өтегенова Гүлжан Есет батырдың ерлігін, өнегелі істерін айтты. Оқушылар слайд тамашалап, «Ел қорғаны-ер Есет» атты кітап көрмесімен танысты.  Жастар батыр бабамызға арналған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Студенттер батырлар жайлы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жарысты. Шараға №36 мектептің 8 класс оқушылар мен оқытушылары, кітапханашылары қатысты.