«Дін-тәрбие бастауы» атты діни-танымдық кеш

E-mail Печать PDF

   2017 жылдың 17 қазаны күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Рухани келісім күніне орай «Рауан» көпсалалы колледжінде «Дін-тәрбие бастауы» атты діни-танымдық кеш өткізді.

Мақсаты: жас ұрпаққа рухани – тәлімдік тәрбие беру, жастарға Ислам дінінің негіздерін түсіндіре отырып, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған, Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Кітапханашы Шамеденова Бибігүл Ислам дінінің тарихына тоқталып кетті. Шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Умбетов Шынболат Әлімқұлұлы қатысып, жастарға адамгершілік, имандылық туралы әңгіме қозғады. Бүгінгі таңда жастар ғаламторда ұзақ отырады. Соның салдарынан жастар теріс мәліметтерге тап болып психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Ғаламтор уақытымызды босқа кетіріп, жалған мәлімет беріп, діни экстремизмге, тіпті азғындыққада итермелеуі мүмкін. Сондықтан найб имам жасөспірімдерге кітап оқып, рухани жағынан дамыңдар, ата –анаңды сыйла, мейірімді болыңдар деді. Сондай-ақ, «Иманның нұры -исламда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге имандылық жайлы, діни тағылымы мол кітаптар мен газет-журналдар қойылды. Сонымен қатар «Дін негізі - имандылық» атты слайды көпшіліктің назарына ұсынылды.