«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия кеші

E-mail Печать PDF

      С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 9 қазан күні сағат 16.00 де Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім - инновация» лицей-интернатында Бір ел – бір кітап акция аясында «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия сағатын өткізді.

Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, жастарды, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.

«Бір ел, бір кітап» республикалық акцияға, жалпы халықтық оқуға қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл С.Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Ол солтүстік Қазақстан облысының Қызылтау ауданында туған. Ақын шығармаларында ескіні сынау, қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күрес бой көтерді.

Шара барысында оқырмандар С.Торайғыровтың шығармашылығы жөнінде айтып, Студенттер арасынан А.Жақсығали, Д.Құдайберген, Е.Қанатбаев А.Құрманғазы «Оқу», «Шәкірт ойы», «Әйел», «Оқып жүрген жастарға», «Жақсылық көрсем өзіме» т.б. өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері «Кім жазықты» шығармасынан көрініс қойып, «Алаш ұраны – Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты слайд көрсетілді.

«Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары «Қамар сұлу», «Сарыарқаның жаңбыры», «Алаш ұраны» және ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Шараға кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.