«Мұхтар Әуезов – ғасыр перзенті» атты әдеби кешті

E-mail Печать PDF

          2017 жылдың 2 қазанында сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында жазушы М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов –ғасыр перзенті» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: Ұлы ойшыл жазушы М.Әуезов туралы кеңірек мәлімет беру, шығармаларына шолу жасау, «Абай жолы»романының мазмұнымен таныстыру.

       Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман эпопеясы бұл-«Абай жолы» шығармасы болды. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды.

     Шараны кітапханашы Құрымбаева Лариса жүргізіп, М.Әуезовтың өмірімен шығармашылығы жөнінде ақпарат берді. Оқушылар тақырыпқа сай слайдты тамашалады. Сонымен қатар биыл М.Әуезовтың «Абай жолы» романының жарыққа шыққанынада 75 жыл толғанын айта кетті. Кеш барысында Көпсалалы «Тарлан» колледжінің жанынан құрылған «Қазына» әдеби клубының мүшелері шараның қызықты өтуіне ат салысып, М.Әуезовтың «Жетім қозы» шығармасынан үзінді оқыды. Сонымен бірге ақын Қ.Саринның М.Әуезовке арнау өлеңін оқыды. «М.Әуезовтың асыл мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Шара соңында жиналғандар Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін бірге орындады.