«Сағи ақынның сырласы» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

            27 қыркүйек күні сағат 15.00 де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Туған жер» республикалық форум аясында «Сағи ақынның сырласы» атты Сағи Жиенбаевтың жары Өзипа апаймен кездесу кеші өтті.

       Шараның мақсаты: Өлкемізден шыққан тұлғаларды жастарға таныту, Сағи Жиенбаев туралы естеліктермен бөлісу, жастарды патриоттыққа, туған жерді құрметтеуге баулу.

     Мемлекет басшысының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тапсырмасын орындау үшін әлемнің 15 елінен 300-ден аса Ақтөбе облысының тумасы қатысады. Cолардың ішінде спорт, медицина саласынан және өңірімізден шыққан танымал, өнер адамдары, ақын-жазушыларда бар.          

     Аталмыш форумға қонақ ретінде келген Сағи ақынның жұбайы Өзипа Жиенбаевада ақын есімімен аталған кітапханаға бас сұғып, жастармен, кітапхана оқырмандарымен кездесіп ой бөлісті. Сағи ағамыз туралы естеліктер жинақтап, шығармаларын көздің қарашығындай сақтап, есімін өшірмей елге жеткізіп келген ақынның жарымен кездесуге өлкеміздің зиялы қауым өкілдері қатысады. Солардың ішінде: Жазушы - Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері –Басықара Ерсайын Бақытұлы, Алматы қаласының ішкі істер департаментінің әншілері-Игіліков Қайрат Жалғасұлы, Ускенбаева Жұлдыз Серікқызы, Мәдениет қайраткері - Еркін Құрманбеков, жергілікті ақындар-Ертай Ашықбаев, Жаксылық Айжанұлы, Мейірхан Ақдәулетұлы, Cағи Жиенбаевтың туыстары, тағыда басқа мәдениет және өнер мекемелерінің директорлары, мәдениет саласының ардагерлері, сонымен бірге Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, «Болашақ» көпсалалы колледжінің студенттері, №34 мектеп оқушылары қатысты.

     Кеш барысында С.Жиенбаевтың өлеңдері оқылып, жастар әдемі әуенге би биледі. Ақынның сөзіне жазылған «Айналдым елім», «Қарттар» «Аққу қонды айдынға» атты әндерін әнші Алма Адаханова, Орал Бәйсеңгір сынды өңірімізге танымал әншілер орындады. Шараға қатысқан жастар жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлына және Өзипа Жиенбаеваға көптеген сұрақтар қойып, қызықты әңгімелер естіді. С.Жиенбаев атындағы кітапхана Қажығали Мұханбетқалиұлына, Өзипа апайға сый-сияпат берді. Шараға қатысқан қонақтар дастархан жайылды. Шараға барлығы 120 адам қатысты.