Халықаралық «Ясауйтану» байқауы

E-mail Печать PDF

         2017 жылдың 13 қыркүйегінде С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен Ақтөбе облысы білім басқармасының «Ақтөбе-дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесе 6-11 кластар арасында Халықаралық «Ясауйтану» білім байқауының облыстық кезеңін өткізді.

     Байқаудың мақсаты: жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау, Ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

 

     Республикалық «Ясауитану» білім байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары арнайы диплом, мақтау қағаздарымен мараптталды.

Облыстық «Ясауитану» білім байқауының жеңімпаздары 2017 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысатын болды. Кітапхана қызметкерлері «Ясауи-түркілерге ортақ тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.