«Табиғатты аялау – бабалар аманаты» атты экологиялық сабақ

E-mail Печать PDF

 С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2017 жылдың 8 тамызы күні сағат 11.00 де «Табиғатты аялау – бабалар аманаты» атты   экологиялық сабағы өткізілді.

          Мақсаты: Туған өлкеміздің экологиялық жағдайымен таныстыру, жастардың қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.

          Шара барысында кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл өлкеміздің экологиялық жағдайымен таныстырып, «Табиғат тал бесік», «табиғатты аялай білейік» атты мультимедиялық слайдтары арқылы еліміздің бай табиғатын суреттеп әңгімеледі.

           Шараға Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Сейтжаппарова Меруерт Мақсұтқызы және тәжірибелік сынақтан өтуші Кадиров Әлихан қатысты. Шара барысында эколог мамандар оқырмандарға табиғаттың әсем сырларын, табиғатты аялау, қоршаған ортаны ластамау керектігін айтты. Сонымен қатар әрбір адамзат өмірі табиғатпен байланысты екендігін де айтып өтті.

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері табиғат туралы қойылым қойып, кітапханашы Қайнақаева Азатгүл М.Мақатаевтың «Табиғат» өлеңін оқыды. Сондай–ақ, «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеде Д.Бернидің «Табиғат ғажайыптары», Б.Жақыптың «Атамекен» географиялық энциклопедиясы, А.Иващенконың «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» суретті энциклопедиясы, Р.Әлімқұловтың «Қызықты биология», А.К.Бродскийдің «Жалпы экологияның қысқаша тарихы»   оқулықтарында экологиялық маңызды деректер, биосферадағы тепе-теңдіктің бұзылу себептері, биосферадағы сулардың ластану көздері және оларды тазалау әдістері көрсетілген. Сонымен қатар, көрмеден орын алған көптомдық «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясында еліміздің бай табиғаты, көрікті қорықтары, сәнді саябақтары, жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі тағы да басқа тақырыптардағы мәліметтер энциклопедиялық жүйемен берілген. Сондай – ақ, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Кітапхана директоры келген қонақтарға рахметін айтып, жылы лебізін білдірді.