«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын сақтау» атты дәріс

E-mail Печать PDF

 2017 жылдың 25 шілдесі күні сағат 11.00 –де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры»қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысының денсаулық басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын сақтау» атты лекция сабағын өткізді.

Мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әрбір азаматтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, достыққа, тәрбиелеу. Ертеңгі өмірге сеніммен қарауға үйрету, балаларды кітап қорындағы жаңа әдебиеттермен таныстыру.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жан күйзелісі тек өздерінің ғана емес, ата –анасының, айналасындағы жақындарыныңда жанына батады. Сондықтан балалардың көңіліне жылылық ұялатып, рухани демеу болумен қатар көңілдеріне жақсылық сыйлау әрбір азамат үшін игілікті іс болып табылады.

Шара барысында «Халықаралық ақпараттық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымы академиясы корреспонденциясының мүшесі, профессор, заң ғылымының кандидаты, аға ғылыми қызметкер, отставкадағы миллиция полковнигі» Бейсебаев Кеңес Масымханұлы сал ауруына шалдыққан азаматтарды өмірде қиыншылықтарды жеңе білуге шақырып, судың, тұздың пайдасын айтты.

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы «Оқы және өзгеге ұсын» кітап марафонынан лекцияға қатысушы қонақтарға қырық кітап сыйға тапсырды.Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау орталығының директорыСражова Гүлмирам кітапхана ұжымына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейін қойып тыңдағандары үшін ризашылығын білдіріп алдағы уақытта бірлесіп түрлі шаралар өткізетіндігін жеткізді.