«Жазушының нұрлы әлемі» атты әдеби-бейне кеш

E-mail Печать PDF

           2017 жылдың 18 шілдесі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында сағат 11.00-де жергілікті жазушы Құрал Тоқмырзинның туғанына 80 жыл толуына орай «Жазушының нұрлы әлемі» атты әдеби-бейне кеш өткізілді.

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас жеткіншектерге   осы өлкенің тумасы   елі сыйлаған   жазушыныңөмірі мен шығармаларын насихаттау, туған елге, жерге деген сезімдерін қалыптастыру, отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

         Әдебиет – кешегі мен бүгінгінің айғағы. Әдебиетімізде халқымыздың тарихы мен дарасы, шыны мен щыңы жатыр. Өз оқырманын ел өмірінен хабардар етіп, тарихқа жетелейді. Тарих шындыққа апарып тірейді.

Туған тарихты білу бәрімізге де парыз, ата-бабаларымыздың есімдерін есте сақтап, олардың өмір жолын өнеге тұту – міндет.

         Шара қонақтары:Асқарова Гүлнаш Қибашқызы - Ақтөбе мәдениет архивтер құжаттама басқармасының маманы; Арыстан Аймағамбетұлы– ардагер журналист; Идош Мұсақұлұлы Асқар – журналист; Ардақ Қонақбаева – «Ақтөбе» газетінің тілшісі.

Туған жеріміз   қашанда киелі тарихымен, небір дарындар мен даналардың өсіп-өнген ата қонысы. Осынау киелі топырақтан түлеп ұшып, саналы ғұмырын әдебиет атты ұлы көштің соқпағын салысуға арнаған Ойыл өлкесінің тумасы, жазушы Құрал Тоқмырзин туғанына биыл 80 жыл.Тоқмырзин Құрал 1937 жылы 23 сәуірде Ойыл ауданы, Қияқты ауылында дүниеге келген.

       Шара барысында кітапхана қызметкері Арайлым Кенжебаева лирик ақын Сағи Жиенбаевтың «Ойыл толғауы» атты өлеңін   оқыды. «Есімі елімен үндескен» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Өлке тарихын өрнектеген жазушы» атты бейне слайд көрсетілді.

Шара қонақтары жазушы жайлы естеліктерімен бөлісіп, шығармаларын насихаттады.