«Елім менің» бағдарламасы

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 11 шілдесі күні Қазақстан Ақтөбе телеарнасының «Елім менің» бағдарламасының кезекті түсірілімі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті.

     Телеарна тілшілері кітапхана директоры Г.Н.Калдинадан кітапхананың ресурстары мен қызметтері, жалпы кітапхана туралы толығырақ сұхбат алды. Ал кітапхана директорының орынбасары Ү.Кудасова жыл басынан бері жастарды елжандылыққа, адамгершілікке, рухани жаңғыруға бағытталып өткізілген шараларға тоқталды, жазғы оқу залына кітап оқуға шақырды.

Кітапханада өткізілген шараларға үнемі қатысып, қолдау көрсетіп жүретін ардагер оқырмандарымыз: Ә.Жәметов, Н.Табылова, К.Мұқамбетұлы, А.Қазбекова, сондай ақ кітапхананың тұрақты кішкентай оқырмандары С.Серікқали, А.Қобылан, А.Мұрат, А.Орынбасар тағыда басқалары осы шараға қатысып, кітап және кітапхана жөнінде, кітапхана есімі иеленіп отырған ақын С.Жиенбаев туралы ойларын айтып сұхбат берді. Тілшілер кітапхананың барлық бөлімдерімен танысып, соның ішінде «Шебер қолдар» үйірмесіндегі балаларды түсіріп сұхбат алды.

Жазғы уақыт кітап оқуға таптырмас уақыт. Сондықтан кітапханашылар оқу залында оқырмандардың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыруға, кітапты сүйе білуге, оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында әр түрлі жанрда ұйымдастырылған кітап көрмелерімен таныстырды.

«Елім менің» бағдарламасының кезекті шығарылымы үстіміздегі жылдың 16 шілдесі күні жергілікті уақыт 18.45 те «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасында көрсетілетін болады.