Астана күніне арналған кітап көрмелер

E-mail Печать PDF

  5 шілде күні сағат 12.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасыЕлорда күніне орай «Алаштың жүрегі –Астана», «Астана-байтақ елдің жүрегі» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды.

Мақсаты:Елорданың тарихы мен құрылуы, әсем қаланың өсіп өркен жаюуы мен жеткен жетістіктері туралы жазылған кітаптармен, мерзімді басылымдарды жұртшылыққа таныстыру.

Аталмыш кітап көрмелері Ғ.Жұбанова атындағы саябақта, субұрқақтың жанында жасақталды. Кітапхана қызметкері Бөлтекова Ләззат саябақта демалушыларға елордамыз Астананың тарихын, елбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін айтып, Тәуелсіз Қазақстанның ең ірі көлемді жобасы - «Экспо-2017» көрмесі жөнінде ақпарат беріп, кітап көрмелерімен таныстырды.

Кітапхана директорының орынбасары Ү.Кудасова қала тұрғындарына кітапханадағы ақпараттық ресурстар жайында кеңінен мағлұматтар берді. Саябақта демалушыларды жаңа әдебиеттер және библиографиялық құралдармен, кітапхананың қызмет көрсету бағыттарымен таныстырып, кітапханаға кітап оқуға шақырды. Қала тұрғындары қызығушылық білдіріп, алғыстарын айтты.