«Астана -елдің алтын Шаңырағы» танымдық сағат

E-mail Печать PDF

     3 шілде күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Астана күніне орай «Астана -елдің алтын Шаңырағы» танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: мемлекетіміздің жас қаласы Астананың тарихы мен құрылуы, әсем қаланың өсіп өркен жаюуы мен жеткен жетістіктерін таныстыру.

Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.

Шара барысында «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі – Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы қонақ ретінде қатысып, қарыштап дамып, күннен күнге гүлденіп келе жатқан ару Астананың тарихы мен өсіп-өркендеуі туралы ақпараттар берді.

«Астана – байтақ елдің жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалаушылар Астанаға арналған кітаптар мен баспа материалдарын қарап, жас қаламызға арналған өлеңдер мен шығармалармен танысты. «Елімнің жүрегі сен - Астана» атты слайд көрсетілді. «Аққауырсын» клубының мүшелері Рысқалиева Айтолқын Рысқалиева Ақтолқын Астана, Экспо туралы т.б жергілікті ақындардың өлеңдерін оқыды.