«Елбасы мақаласы-жас ұрпаққа бағыт береді» атты танымдық кеш

E-mail Печать PDF

           28 маусым күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Елбасы мақаласы-жас ұрпаққа бағыт береді» атты танымдық кеш өткізеді.

      Мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына жариялаған мақаласын насихаттау, Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу.   

      Рухани кемел ел болу – Елбасы арманы. Мәдени жаңғырып, ой-өрісті кеңейту – игі бастама. «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық» дейді өз мақаласында Н.Ә.Назарбаев. Ендеше Елбасының жастарға серпіліс беруі келешекке қамданудың әрекеті. Шараны Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Мұхитұлы Ермұқан ашып, әрі қарай, зиялы қауым өкілдері өз кезегімен сөз сөйлеп, ой-пікірлерін білдірді. Филасофия ғылымдарының докторы, профессор, М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемл.медицина унив-ң кафедра меңгерушісі А.Тайжанов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысыА.Дәрменұлы,Облыстық тарихи –өлкетану музейінің табиғат және экологияны қорғау, ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Б.Мырзабай, «Үш таған» журналының бас редакторы Б.Жаншаева, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»ММ «Қоғамдық келісімі» бас маманы Т.Сапаров,«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасарыҚ.Баянбаев тағыда басқа мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері елбасының мақаласы туралы айтып, оның маңыздылығына тоқталды.

      Ел  басшысының «бәсекелік қабілет», «ұлттық бірегейлікті сақтау», «білімнің салтанат құруы», «сананың ашықтығы», «прагматизм» және т.б. жаңғыртулар таяу жылдардағы міндеттер бағыты бойынша ойлар мен идеялар және бір­неше бағы­ты талқыланды. 

      Шара барысында «Рухани жаңғырудың - жарқын жолы» атты кітап көрмесі таныстырылды.