«Ел қорғаған –ер баба» тарихи сағат

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 14 маусымы күні С.Жиенбаев атындағы облысытқ жасөспірімдер кітапханасында Едіге батырдың 660 жылдығына орай «Ел қорғаны –ер баба» атты тарихи сағат өтті.

Мақсаты:Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істерін жастарға үлгі ету,батыр туралы жазылған әдебиеттермен таныстыру.

Едіге батыр –көзі тірісінде –ақ аңызға айналған адам. Бүгінгі ұрпаққа жыр дастандар және түрлі аңыздар мен әңгімелер кемеңгер көсемнің өзі өмір сүрген кезінде қалыптаса бастаған. Тарихшылардың айтуынша, ол 1352 жылы туып, 1420 жылы өлген. Едіге Тоқтамыс ханның, Ақсақ Темірдің тұсында өмір сүрген.

Бүгінгі шараға ҚР педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор –Жұбаназар Асанов және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, елордалық «Астана» журналының лауреаты Баймұханов Болат Шағырбайұлы «Ақ қауырсын» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.

Қонақтар Едіге батыр жөнінде айтып, тарихтан деректер келтірді. Батырдың дүние салған жері Мәртөк ауданында ескерткіш орнатылған. Бүгінде Едіге батыр эпосының 50 ге жуық нұсқасы бар, алайда батыр туралы зерттеулер әліде жүргізілуде деді филология ғылымдарының докторы Жұбаназар Асанов.

Шара барысында «Ел қамын жеген –Едіге» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Е.Мағауиннің «Едіге», Ж.Асановтың «Едіге: аңыздар мен жырлар», батырлар жырлары, энциклопедиялар мен тағыда басқа баспасөз басылымдарының материалдары қойылды.

Едіге батыр жөнінде деректі фильм көрсетілді. Кітапхана оқырмандары батыр туралы жырдан үзінділер оқыды.Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Кудасова Үржан қонақтарға мағыналы әңгімелері үшін алғысын білдіріп, қатысушылар естелікке суретке түсті.