«Бала құқығы-асыл қазына» дөңгелек үстел

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 12 маусымы күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 12маусымДүниежүзілікбалалареңбегінпайдалануғақарсыкүрескүніне орай «Бала құқығы-асыл қазына» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру, жастарды адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке, еліміздің Ата заңын құрметтеуге, патриоттық тәрбиеге баулу.

Шара қонақтары: Ермұқан Қыдырғали Мұхитұлы - Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары; Табылдинова Назира Сәрсембайқызы-Облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы; Дюсенова Айгүл Егізбайқызы- Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті; Айтбаева Батима Құбашевна- облыстық білім басқармасының маманы; Үбішев Тимур Жұбанышұлы–Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің интеллектуалдық меншік құқықтары бөлімінің басшысы; және Жетесовтер отбасы.

       Елімізде көптеген жас жеткіншек өздерінің жасына сәйкес келмейтін жұмыс істейді. Ал жаз айында балалар мен жасөспірімдердің көптеп жұмысқа орналасатын мезгілі. Бала бақытты өмір сүруге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, ойын ойнап, дем алуға құқылы. Кейбір адамдар балаларды көбінесе садақа сұрауға, ұрлық жасауға, құрылыс жұмыстарына, сауда-саттыққа жұмсайды. Ал бұл өз кезегінде баланың құқын шектеп, денсаулығына зиянын тигізеді. Жас бала заңдылықтардан бейхабар болуы да мүмкін. Ал ересектердің бала еңбегін қанау заңмен қудаланатынын білуі тиіс.

       Шара барысында қонақтар бала құқықтарын қорғау мәселесі жөнінде сөз қозғады. Бала еңбегін қанау дегеніміз не? балалар еңбегінің алдын алу үшін не істеу керектігі жөнінде айтты. «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.