Әдістемелік бұрыш

E-mail Печать PDF

2017  жылғы  мерейтойлық  кітаптар

 

Қазақ  әдебиеті


155 жыл         «Ер Тарғын» - эпос         


145 жыл        «Мың бір түн» - аңыз


95 жыл          Сәкен Сейфуллин «Асау тұлпар» - өлеңдер


95 жыл          Бейімбет Майлин «Күлпаш» әңгіме


85 жыл          Тайыр Жароков «Жұлдыз жарғы» өлеңдер


80 жыл          Ілияс Жансүгіров «Құлагер» - поэма          


75 жыл          Мұхтар Әуезов «Абай жолы» («Абай» атты бірінші кітабы) – роман-эпопея


65 жыл          Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» - роман


55 жыл         Өтебай Қанахин «Дәмелі» роман


45 жыл         Ілияс Есенберлин «Алтын құс» роман


45 жыл         Олжас Сүлейменов «Атамекен» (қазақ тіліне аударған  Қадыр Мырзалиев)


45 жыл        Кемел Тоқаев «Түнде атылған оқ» - детективтік повесть


35 жыл        Морис Симашко «Колокол» (Қоңырау») – тарихи роман


35 жыл        Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» өлеңдер

 

 

 

 Әлем  әдебиеті


 

705 жыл      Данте Алигьери «Божественная комедия»


145 жыл     Генрик Ибсен «Пер Гюнт»


315 жыл       Шарль Перро «Сказки моей матушки Гусыни...»


165 жыл     Шарлотта Бронте «Джейн Эйр»


185 жыл     Фенимор Купер «Прерия»

 

 

 

 

Сіздердің назарларыңызға 2017 жылдың атаулы күндер күнтізбесін ұсынамыз.    

     Күнтізбе қазақ тілінде жазылған.

                 Күнтізбе келесі бөлімдерден тұрады:

     - Қазақстан Республикасы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер;

     -   алыс және жақын шет елдердің аталып өтілетін және еске алынатын күндері;

     -   айы, күні белгісіз атаулы күндер;

   -   2017 жылғы мерейтойлық кітаптар.

Күнтізбеде Қазақстандық, Ресейлік және шет елдің белгілі әдебиет пен өнер қайраткерлері, сонымен бірге ҚР ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және халықаралық мерекелер қамтылған. Жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханашыларға және басқа да қызығушылық білдіретін мамандарға 2017 жылы көпшілік шаралар ұйымдастыруда,  библиографиялық анықтама орындау, оқырмандарға ақпарат беру және т.б. шараларда осы күнтізбе көмек көрсететініне сеніміміз мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көпейұлы Мәшһүр – Жүсіп

К 69 Шығармалар жинағы/   Құраст. Н.Жүсіпұлы.- Алматы:

«Өлке» баспасы, 2014.- 336 б.

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен оқырманға жол тартқан бұл кітапқа Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзіндік өрнегі мол өзекжарды өлеңдері, аңыз-әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдері, баталы сөздері мен қазақтың хан, шешен, батырлары тарапынан айтылған тарихи ой-түйіндері еніп отыр.

Сондай-ақ, бұл кітап ақынның әулие-көріпкелділік қасиеттері жөнінен де сыр шертеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

Шаханов М.

Ш 31  Шығармалар жинағы/ Мұхтар Шаханов.- Алматы:

«Өлке» баспасы, 2015.- 480 б.

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың бұл жинағына ақынның әр жылдарда жазылған өлеңдері мен дастандары, поэмалары енді.

Ақынның шығармалары көп салалы, сан алуан тақырыпты қамтиды. Және оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жатады.

Бұл кітап «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Сәрсенбай О.

 

С 28   Өмір – тарих./ Құраст. Қ.Байділдаұлы.- Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2016.-384 б.

 

Бұл кітапқа О.Сәрсенбайдың 2004, 2014 жылдары жарық көрген «Өмірнама» кітаптарындағы қаламгер күнделігінің жалғасы автордың дүниеден қайтарға дейінгі хронологиялық ретпен, сондай-ақ кезінде жұртшылықтың жақсы лебізіне бөленген «Ұйқың тыныш болсын», «Қосқұдықтың басында» атты әңгімелері мен «Таңбалы тас», «Ағабектің ақыры» атты повестері енген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

         Мырза Әлі Қ.

 

         М 91   Шығармалар жинағы./ Құраст. М.Құлкенов.- Алматы: «Өлке» баспасы, 2015.-480 б.

 

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен оқырманға жол тартқан бұл кітапқа қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің халықтың көкейінен шыққан лирикалық өлеңдері, философиялық терең оймен өрілген жырлары, әнге жазылған мәтіндері мен қысқа-қысқа ғибратнамалық әңгімелері енгізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Файзуллаев Ә.

Ф17     Ақылыңа ақыл қос./ Әлібек Файзуллаев.-Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016.-192 бет.

О бастан әділдікке, адамгершілікке бастайтын жол – ата-ананың балаға берер тәлім-тәрбиесі.

Демек, жас өскін ұрпақ осы кітаптан өзіне өмірлік серік – сенімділікті, адами қасиеттерді бойына сіңіре алады.

Кітаптағы әңгіме арқауы қысқа да, нұсқа, түсінікті тілмен түйінделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

Марат Мәжитов

 

ТОБАНИЯЗ. (Роман) – Алматы: «Өлке» баспасы, 2003.-288 бет.

 

Жазушының бұл романы екі кітаптан тұрады. Бірінші кітапта автор өз кейіпкері Тобанияздың Адай уездік комитетінің төрағасы болып сайлануына дейінгі өмір дастанын суреттейді. Бар – жоғы елу бес жасап, Кеңес өкіметінің қаһарына ілігіп, атылып кеткен бұл аяулы жанның сан-салалы қызметі мен тіршілік-тынысын жазушы кестелі тілмен, оралымды оймен көрсете білген.

 

Сегіз арыс Адай еліне хан Тобанияз атанған бұл қайраткер образы романда ашық та айшықты бейнеленген.