«АСТАНА - ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ» атты жасөспірімдерге арналған республикалық шығармашылық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

E-mail Печать PDF

    

 

 

Жалпы ережелер

  • «Астана – елімнің жүрегі» атты шығармашылық байқауелордамыз Астананың 20 жылдығына арнап өткізіледі.
  • Байқауды ұйымдастырушы: С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
  • Демеуші: Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Байқаудың  мақсаты

  • Жастардың Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, тілін, мәдениетін, өнерін   білуіне, Елордамыз Астанаға деген өздерінің сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу;
  • Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту;
  • Дарынды жастардың шеберлігін шыңдап, шығармашылық ынтасын ояту.

                           Шығармашылық байқаудың тапсырмалары


1. «Астанаға ақ тілек» Қатысушылар өздерінің Астанаға арналған тілектерін жазбаша түрде (қара сөз арқылы немесе өлең жолдары арқылы ) жеткізеді. Тілек жазылған парақтың безендірілуіне назар аударылады. Өз қиялына сай ашық хат (открытка) түрінде, кітапша, альбом, қолжазба кітап немесе қандай да бір өзгеше қалыпқа салуына болады. Шығармашылық жұмыстың көлеміне шектеу қойылмайды.

2. «Жырым сенсің, Астана» бейне поэзия. Қатысушы Астана туралы белгілі авторлардың немесе өз өлеңін мәнерлеп оқып, оның видеосын CD-дискіге, флешка арқылы жолдайды.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі

  1. 2018 жылдың 1 наурызы – 11 маусымы аралығында байқау жұмыстары қабылданады.
  2. Маусым айының 12 жұлдызынан бастап әділ-қазылар алқасының сараптау жұмысы жүргізіледі.

Байқаудың  шарттары

Шығармашылық байқауға Қазақстанның әр түкпірінен   12-23 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.

Байқауға келіп түскен шығармашылық жұмыстар алдын- ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен жұмыстар ғана республикалық шығармашылық байқаудың қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатыса алады. Марапаттау кешінде жүлделі орындарға және ынталандыру орындарына ие болған жұмыстар көрсетіледі.


                             Шығармашылық байқаудың  талаптары


    Байқауға қатысушы талапкер 1 - тапсырма бойынша берілген тақырыптарға сай жасаған жұмыстарын арнайы конвертке салып, пошта арқылы ұсынады.

Бейнепоэзия бөлімінде  CD-дискіге немесе флешкаға жазылған бейнелерді де осы конверт арқылы жолдай алады.

Байқауға қатысу үшін жолданған құжаттар кері қайтарылмайды және ұйымдастыру алқасы авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауына құқылы.

Өтініштер 2018 жылдың 11 маусымына дейін қабылданады. Автордың жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі өтінішпен бірге жолданады.

Қатысушылардың Ақтөбеге келу және кету шығынын жіберуші жақ өз мойнына алады. Ұйымдастыру бөлімі марапаттауға шақырылған жеңімпаздарды жатын орынмен және тамақтандырумен қамтамасыз етеді.

Қатысушылар жұмыстарын  конвертке салып, пошта арқылы мына мекен-жайға жіберуі керек: Ақтөбе қаласы, Прохоров көшесі, 11 үй. С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы. Байланыс тел: 8 (713) 250-44-48; WhatsApp +7 707 499 8220 

Қосымша сұрақтарыңыз болса +7 775 891 91 71 телефоны арқылы білуге болады. Немесе labrari @mail.ru электронды поштасы арқылы сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.

Жеңімпаздарды марапаттау

  • Мүшәйраның жеңімпаздары Бас жүлде және I, II, III дәрежелі Дипломдармен, Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
  • Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің өтетін уақыты қосымша хабарланады.

Сұраныс үлгісі

р/с

Сипаты

Мәлімет

1

Автордың толық аты – жөні

 

2

Автордың бүркеншік аты

 

3

Туған жылы, айы, күні, мекен - жайы

 

4

Оқитын немесе жұмыс жасайтын мекемесі

 

5

Байқауға жолдаған шығармасының тақырыбы

 

6

Байланыс нөмірі