Кітапхана туралы

E-mail Печать PDF

Ақтөбе  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы  1979 жылы  құрылды. Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2000 жылы 16 ақпан  №257  қаулысымен  Ақтөбе  облыстық   жасөспірімдер  кітапханасына   көрнекті  ақын   С. Жиенбаев  есімі берілді.

С.Жиенбаев  атындағы облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы жасөспірімдерге  кітапханалық  қызмет  көрсетуді  ұйымдастырырып  жүзеге  асыратын  сондай – ақ  жастарды   тәрбиелеуге,  білім  беруге,  демалысын  ұйымдастыруға   ықпал  ететін  мәдени – ағарту әрі  ғылыми – ақпараттық  мекеме.

Негізгі  оқырмандар жоғарғы   және  арнаулы  орта  оқу  орындарының, кәсіптік  лицейлердің    студенттері,  мектептердің, гимназиялардың жоғарғы  класс  оқушылары болып табылады.

Кітапхананың жалпы  кітап қоры  82 мың дана құжаттан тұрады. Кітапхана оқырмандарына 120000 ға жуық кітап беру қызметін атқарады. Кітап қоры  жыл сайын жаңа  кітаптармен  толықтырылып  келеді. Оның  ішінде:  Қазақстан  тарихы, психология,  мәдениеттану,  құқық, экономика, атақты  қазақ  және  шетел  философтары жайлы  кітаптар, техникалық  және  көркем  әдебиеттер,  300-ден  аса  газет,  журналдар  бар. 

Кітапхана жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі: оқу залы, абонемент, Интернет зал, инновациялық әдістемелік жұмыс бөлімі, өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі, құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімдерінен тұрады.

Кітапхана қоры кітапхана ісін автоматтандыруға байланысты пайда болған дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушы көздер СD-ROM-дар, видео-аудиокассета, компьютерлік әдебиеттер және электрондық каталогтармен толықтырылуда. Оларды бүгінде оқырмандар электрондық каталог арқылы пайдаланады.

Кітапханада «Құрдастар», «Аққауырсын», «Шапағат», «Шаңырақ» клубтары жұмыс жасайды.

                                                                

Кітапхана  директоры - Калдина Гүлжайнар Нәренқызы.

 Қалдина Гүлжайнар Наренқызы 1981 жылы 20 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аққайтым ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Білімі –жоғары.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын «Ақтөбе» облыстық газетінен бастады. Кейін облыстық «Керек инфо» қоғамдық-ақпараттық апталық газетінде тілші және жауапты хатшы қызметін атқарды.

Гүлжайнар Қалдина республикалық ақындар мүшәйраларының жеңімпазы.

Қазақстан жазушылар одағы тағайындаған Т.Молдағалиев атындағы   арнайы сыйлықтың және М.Жұмабаев атындағы жүлденің иегері, жас қаламгер фестивалінің лауреаты.

2015-2016 жылдары «Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы» ММ-нің директоры болды.

2016 жылдың 19 - тамызынан бастап «С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» ММ-де директор қызметін атқаруда. Тұрмыста,екі бала тәрбиелеп отыр.

 

 


 

     

Кудасова  Үржан – директордың  орынбасары.                                             Директордың орынбасары шаруашылық

                                                                                                                     жұмыс жөнінде - Нұрпейіс Алтынбек Қапашұлы

   Кудасова  Үржан  15 қаңтар 1961 жылы  Шымкент  облысы,

Созақ  ауданы, Шолақ-қорған   селосында  дүниеге  келді. Ұлты  қазақ.

Білімі – жоғары.

         1983  жылы   Әл-Фараби  атындағы  Шымкент  педагогика 

мәдениет  институтын  «Кітапханатану  және  библиография»

мамандығы  бойынша  бітірген. 2006 жылдың  желтоқсан  айынан 

бастап  «С.Жиенбаев  атындағы  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы»

ММ-де  жұмыс  жасап  келеді. Тұрмыста. Төрт баланың  анасы.