«Жыр шырағының жалыны» бенефис кеші

E-mail Печать PDF

2015 жылы 13 қазан күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында республикамызға танымал жерлес ақын Кәрім Айнабековтың 75 - жасқа толуына орай «Жыр шырағының жалыны» атты бенефис кеші өткізілді.

Мақсаты: Жастарға қазақ поэзиясын насихаттау, ақынның шығармашылығымен мен өмір жолын таныстыра отырып, өлеңдерін көпшілік оқырманның жүрегіне жеткізу.

Шара қонақтары: Аманбай Шағырбайұлы -Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы;

Кәрім Айнабеков – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Идош Асқар-ардагер, журналист; Гүлсамал Аймаханова- ақын; Айгүл Дүйсенова - Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті және «Аққауырсын» жас ақындар клубының мүшелерімен №47, №34, №39, мектептің оқушылары,  мұнай және газ колледжінің студенттері поэзия сүйер оқырмандар қатысты.

Кәрім Ертайұлы Айнабеков 1940 жылы 5 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.  Еңбек жолын 1958 жылы хат тасушылықтан бастаған.

1988-1998 жылдары Ақтөбе қаласында бас поштампының бастығы қызметін атқарды. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы  «Тұңғыш кітап» 1977 жылы жарыққа  шықты. Кейін «Таң сәрісі», «Махаббат моншақтары», «Сені іздеймін», «Күнім күніңмін», «Жұлдызым жоғары» өлеңдер жинағын шығарды. Сонымен қатар бірқатар очерктермен көсемсөз шығармаларының авторы.

Шара барысында қонақтар халыққа көптен бері танымал, көп қатарына ұқсамайтын өз қолтаңбасы бар ақын Кәрім Айнабековты құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік қауым «Жыр тербеген жүрек» атты слайдты тамашалады. «Ақ қауырсын» клубының мүшелері Т.Ізбасқанова, Н.Бақытжан, И.Боданова, Г.Нұрболатова, Н.Измагамбетова сынды оқушылар Кәрім Айнабековтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді. Сонымен қатар Кәрім Айнабеков жастардың қойған көптеген сұрақтарына жауап берді.  Кеш соңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Марат Төлебай ақынның әсемде ойлы жырлары оқырман жүрегінен орын тауып  жатқан өлеңдер екендігін айта отырып, Кәрім Айнабековке кітапхана атынан шапан жауып құрмет көрсетті.

«Абзал азамат ақын» тақырыбында  фото көрме және «Өмірі өлеңмен өрнектелген» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Облыстық шығармашылық үйінің әншісі Серікбаева Қуанышгүл  ақынға арнап әсем әндер шырқады. Бүгінгі өткен игі шара мағыналы өтті.