Ауған ардагерлерімен кездесу кеші

E-mail Печать PDF

    2015 жылы  9 қыркүйек күні  сағат 10.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен «Ауған соғысының жауынгер-интернациолистерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігімен» бірлесе  ауған ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Ауған  оқиғасының  тарихи  мағыналық  ақиқатын  ашу,  Ауған  соғысы  ардагерлеріне  құрмет  көрсету. Ардагерлер ұйымдарының азаматтық қатысуының әлеуетін көтеру.

Шара Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Шараға қатысқандар:

-     Елубаев Қайрат Мендыбайұлы- «Қаһарман ұрпақ» Қоғамдық қоры президенті

-    Балқасымов Асылан «Ауған соғысының жауынгер-интернациолистерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

-   Жұмабеков Амангелді Бәйішұлы «Ақтөбе облыстық Ауған соғысы жауынгер –интернационалистерінің  қоғамдық  бірлестігі» төрағасының  орынбасары,

-   Бітіков Құбайдолла «Ақтөбе  облыстық  мүгедектер  қоғамының» төрағасы және тағыда басқа аудандық ардагерлер қоғамының төрағалары, ауған ардагерлері және С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы қатысты.

Шараны «Ауған соғысының жауынгер-интернациолистерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасымов ашты. Шара барысында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Кенжебаева Арайлым, Есалинова Айнель қазақ ақындарының М.Жетіскеннің «Жолбарыс жүрек бауырым»  Б.Смағұлдың  «Ар үшін туған арыстар» өлеңдерін оқыды.

       Кітапхана қызметкерлері дайындаған «Ауғанның от жалыны» слайды көрсетілді.  «Ауған соғысы: тарих, шындық,  тағылым» аттыкітап көрмесі ұсынылды.  Сонымен қатар  «Ауғанстан жан жарасы»  зиялы қауым өкілдерінің ой пікірлерінен көрме жасалды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері ауған ардагерлерімен естелікке суретке түсті.