Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі

E-mail Печать PDF

Жасөспірімдерге  қызмет  көрсету  бөлімінің  меңгерушісі

Бөлтекова  Лаззат  Сағындыққызы

Байланыс тел: 8 (7132) 53-01-10

 эл. почта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

Абонемент

 

   Абонемент бөлімі кітапхана ашылған күннен бастап оқырмандарға қызмет көрсетеді. Абонемент бөлімінің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, зейнеткерлер, мұғалімдер, оқытушылар, жұмысшылар, студенттер, оқушылар т.б.

 

   Абонементте классикалық және қазіргі кездегі ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің озық шығармалары, шетелдік көркем әдебиеттер, ғылыми-танымдық  кітаптар үйге беріледі. Бөлімге жазылу оқырманның жеке куәлігі арқылы жүргізіледі. Әдебиеттер негізінен 15 күнге   ережеге  сәйкес беріледі.

 

   Бөлім  қызметкерлері  кең  көлемді  кітап  көрмелер, оқырмандармен әңгіме-шолулар, әдеби кештер  т.б.  мәдени  шаралар  өткізіп  тұрады.

 

 


 

Оқу  залы

 

Оқу залы пайдаланушыларға отандық және әлемдік әдебиеттердің туындыларын, салалық және анықтамалық басылымдарды, энциклопедияларды, оқулықтарды және  қазақстандық, ресейлік газет журналдарды  ұсынады.

 

Жастарды шығармашылыққа баулитын әр түрлі әдеби сайыстар, кітап тұсаукерлері, конференциялар өтеді. Әр түрлі тақырыптағы әсем безендірілген  кітап  көрмелері  оқырмандарды ұлттық игіліктер мен адамзаттық озық мәдени мұрасымен таныстырады.