Оқып көр, қызық!

E-mail Печать PDF

         

 

 

Сегіз сері (Мұхаммед-Қанапия): Шығармалары.

 С-30  Құраст.Социал Жұмабаев. Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2013. Т-1: Өлеңдер мен толғаулар. -384 бет

 

 Қазақтың атақты біртуар ақыны Сегіз сері (Мұхаммед-Қанапия) Баһрамұлының екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның өлеңдері мен толғаулары және ақынның өмірі мен шығармалары туралы зерттеулер енгізілді.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмабаев Мағжан

Ж 87 Шығармалары (әдеби басылым). 1-том: Өлеңдер, дастандар\ Құраст.       Сәндібек Жұбаниязов.- Алматы: Жазушы, 2013.-376 бет.

 Ақын шығармаларының бұл басылымы екі томнан тұрады. Бірінші томға өлеңдері мен дастандары енгізілді. Өлеңдер, бұрыңғы басылымдарындағыдан өзгеше түрде, алғаш жарық көрген немесе  жазылған мерзіміне қарай реттелді. Кейбір тақырыбы жақын жырлар бір жерге топтастырылып берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Құдайбердіұлы Ш.

Қ 34 Шығармалар жинағы / Құраст. Г.Мұқышева.-Алматы: «Өлке»  баспасы, 2013.-416 б.

 Қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл жинағына «Қалқаман -Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» және т.б. поэмалары мен өлеңдері енгізілді.

«Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы басты кейіпкерлердің бірі – Әнет Бабаның басынан өткерген қиыншылықтарын ұлы Абай тағдырымен салыстырады. Ескі қазақ тұрмысынан алынған поэмалардың негізгі мәселесі – әлеуметтік жағдайлар, мінез-құлық жайы. Шәкәрім адам бойындағы жаман мінездер мен әдеттерді сынайды. Оның басты мақсаттарының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Заманның, қоғамның түзелуі жеке адамды түзеу деп түсінген. Шәкәрімнің ой-толғамдары «таза адам» тәрбиелеу мақсатына негізделіп, қоғамға пайдалы тұлға ретінде қаралады. Өмірдегі ащы шындықты тура, дәл суреттеу арқылы ақын халық өмірін жақсартуды ойлайды. Оның өлеңдері мен қарасөздері әлеуметтік ортада өмір сүрудің қағидалары сияқты.

 

 

 

 


Жабаев Ж.

Шығармалар жинағы / Жамбыл Жабаев.-Алматы: «Өлке» баспасы, 2013.-256 б.

«Жасөспірімдер кітапханасы»  сериясымен оқырманға жол тартқан бұл кітапқа – Жыр алыбы Жамбылдың жырлары, өмірі мен өскен ортасы жайынан мағлұматтар беретін құнды еңбектер енгізілген.

Жамбылдың жыр-өлеңі өмірдің өз отынан туындап, өмірдің өзіне өлең болып құйылған бастау. Шындықтың шымынан шыңдалып шыққан Жамбылдың айтар  ойы айқын, шымыр, шыншыл, шұрайлы, толғақ толғаулы.

Жамбыл жыры жас ұрпақты жасампаздыққа, ерлік істерге, ел мен жерді құрметтеп, сүюге шақырады.

 

 

 

 

 

 

  

  

 

Жүністегі  Кәмел. 

         Едіге:  тарихи  роман .- Астана : Нұра- Астана, 2012.- 408 бет.

     Бұл  роман  аңыз – әңгімелер,  әр  елде  сақталған  дастандар, архив материалдары  мен  зерттеулердің  нәтижесінде  туған  көркем  шығарма. Шығармадағы  Ер Едіге,  Андысын,  Сыпыра   жырау, Мамай, Тоқтамыс, Әмір Темір, Нұралы,  Ноғай,  Витовт,  Василийлер  тарих  сахнасында  болған  адамдар.

     Автордың  бұрын  жарық  көрген  «Құба белдер»  трилогиясы,  «Соңғы Абыз»  романы,  «Дос көңілі»,  «Көксеу»,  « Көксеңгірдің  тасында»  «Көне хикая»,  «Қоныр құлжа»,  «Шырағдан»  атты  повестер мен  әңгімелер  жинағы  кезінде  оқырмандардың  жоғары  бағасын  алған.  Ќаламгердің  әңгіме – хикаяттарының  бір  тобы  «Вожак»  деген  атаумен  орыс  тілінде жарық  көрген.  Романның  тілі  көркем,  тартымды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Сұлтан Тәукей

Т 29  Арыстардың арманы. Деректі роман / Сұлтан Тәукей.-Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының  «Атажұрт» баспа орталығы, 2013 ж. 256 бет.

Ықылым ерте заманнан-ақ көк түріктің тал бесігі болған Алтайға, оның ішінде Моңғол жерінде қазақтардың қайта қоңыстанғанына 150 жыл толуы қарсаңында оқырманға ұсынылып отырған осынау кітап тарихи оқиғаларға құрылған, бір-бірімен желілес екі романнан  тұрады. Алмағайып кезеңдерді бастан көп кешіп, Арқадан Алтайға, одан Қобдаға қоңыс аударған қазақтардың азапқа толы қөш жолы, болашақ ұрпақ тағдыры үшін жүргізілген жансебіл күрес атадан балаға ауысып отыратын, ұлы мұрат ретінде көрінеді. Кітап тағылымды тарихқа жаны құмар оқырмандар үшін қызғылықты дүниеге айналары даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

Қ 89 Қырық қазына: Балаларға арналған есептер, жыр-тақпақтар./Құрастырған Жандыбай Ғұсман.- Алматы: «Баспалар үйі» АҚ,2013.-184 бет.

Жинақ «Халық есептері», «Нарық есептері» және «Сандар сыры» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімге қазақ халқының ауызша есептері, екінші бөлімге нарық талабынан туған экономикалық есептер, ал соңғы бөлімге әр алуан оқулықтар мазмұңын жыр тілімен айшықтайтын өлең, тақпақтар енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

     

 Мақатаев Мұқағали

М 16 Шығармаларының толық жинағы: Көп томдық.Құраст. Оразақын Асқар. 3-басылым-Алматы:«Жалын баспасы» ЖШС, 2013. І-том: Өлеңдері мен дастандары.-320 бет.

Бұл томға ақынның 1949 – жылдан 1966  жылға дейінгі кезеңде жазған өлеңдері мен дастандары жазылған күндерінің ретімен берілді. Сондай-ақ жазылған уақыты белгісіз жыр, дастандары алғаш енген жинақтары бойынша топтастырылды.Кітап көпшілік оқырманға арналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәдібекұлы  А.

     Қараша үйдің келіні: әңгімелер / Айжарық Сәдібекұлы. – Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2013. -248 бет.

 Қалың елдің ортасында тұратын жазушы Айжарық Сәдібекұлының есімі көзіқарақты оқырмандарымызға көптен таныс. Оның әр жылдарда жазған шығармалары «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Жұмыр жерде біз бармыз», «Шұғыла шуағы», «Парасат майданы» деген жинақтары жарық көрген.

    Жинақтағы әңгімелердің кейіпкерлері – өмірде болған әрі болған әрі біздің замандастарымыз: еңбек жолын кеше бастаған жастар мен көпті көрген тарландар – оқырман көңілін толқытарлық тағдырлар десеңіз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

        Зікібаев  Е. 

         Таңдамалы  өлеңдер  жинағы .- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2012. Т.3.- 480 бет.

   

       Поззия –  ақынның  қан  қысымы, жүрек  қызуы десек, өмірден  өткен  қаламгер  Е.Зікібаевтың  келешек  ұрпаққа  қалдырып  кеткен    мол  мұрасы  соның  айқын  көрінісі  іспетті.  Ол  тірлігінің  соңғы  жылдарында  тынымсыз  іздену  арқылы  көркемдік  қиырларына  шарқ   ұра  көтеріліп  еді.   Әсіресе өмір мен өлім,  махаббат  пен  ғадауат  шарпысқан  шақтардан  туғандай  сезілетін  жырларынан  айрықша  қуат,  шабытты  рух  лебі  еседі.   Соның  бәрінде  Ел  ертеңіне  елең  көңіл, өзі  айтқандай,  «бір  беті  мұң, бір  беті  үн» ғұмырнамасынан  өрнектеген  адами  –философиялық  ой  толғамдары,  жан  толғаныстары  мен  тұнық  ақыл,  сергек  сезім  сүзекісінен  өткен  ғибрат  бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Мүбарақ Қ.

        Жат  құшақ: әңгімелер  жинағы.  Мүбарақ  Қ .- Алматы: Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы  «Атажұрт»  баспа  орталығы 2012.-272 бет.

   Қойшыбек  Мүбарак – бүгінгі әдебиетіміздегі өз тақырыбын тапқан талантты жас қаламгердің бірі. Оның әңгімелері  бабаларымыздың  кез  келгенді тереңіне бойлата  бермес  рухани  асыл  мұрасы  іспеттес  халықтық  мифологиямыздан  бастау  алып  жатады.

    Көне  дүниетаным, оның  бүгінгі   ұрпаққа  айтар  ескертпелері,  заманауи өзекті   мәселелердің  байырғы  аңыз,  ырым – жоралығы  секілді   халықтың  киелі  түсініктермен  салыстыра  өрілуі  – қолдарыңызға   тиіп  отырған  мына «Жат құшақ»  әңгімелер  жинағының  да  басты  ерекшелігі,  соның  жаңалығы деп  айтуға толық  қақымыз бар.

     Жинақтың  оқырман  талғамынан  шығып,  жоғары  баға  алатындығына сенімдіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қыраубаева А.

        Мыңжылдық  жолаушы.  5  томдық  шығармалар  жинағы/  Томды  баспаға  әзірлегендер:  Н. Мәтбек,  Г.Асқарова,  Н.Әли.- Алматы:  «Өнер»,  2012. 5-том.- 528 б.

    Бұған  дейін  «Өнер»   баспасының   көрнекті   ғалым,   ұлағатты   ұстаз,  Филология   ғылымдарының   докторы,   профессор   Алма   Мүтәліпқызы Қыраубаеваның  ғылыми–зерттеу   еңбектері  мен  шығармаларының  1,2,3,4 –томдары  жарық  көрген.

    А. Қыраубаева  шығармаларының  5 томына   автордың  60 - жылдары жазылған  көркем әңгімелері, кейінгі  жылдардағы  ғылыми  мақалалары, сондай-ақ бүкіл халыќтық  жиындар  мен  мерейтойларға  арналып  жазылған мақалалары  мен  сын-пікірлері  енгізілді. Шығармашылығының  алғашқы  бастауы   көркем  әңгімелерінің  өзінен – ақ  ұлттық  мінез – құлық,  салт – дәстүр  көрініс  береді.  Қолда  бар  ғылыми  мақалаларының  ішінен  басқа томдарына   енбеген  еңбектері  екшелініп  алынды. Өз мақалаларында  бүкіл түркітектес  халықтар әдебиетінің  арғы  бастау-бұлағының  бір  екендігін дәлелдейді.

    Кітап  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне, ізденушілерге,  жалпы әдебиет  сүйер  көпшілікке  арналған.