«Қолөнерден сыр ұққан шеберлер»

E-mail Печать PDF

       2021 жылдың 12 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қолөнерден сыр ұққан шеберлер» атты дөңгелек үстел өткізді.

       Мақсаты: Қазақтың қолөнерін насихаттау. Қолөнер шеберлері білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін ояту арқылы эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Шараға Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Калиева Жұмабике Шамшудиновна, «Құрақ көрпе» клубының жетекшісі Жаксымбаева Венера Маратовна және қолөнер шебері, педагог Аязбаева Гүлден Жайылханқызы, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББО мектебінің оқушылары, оқырмандар қатысты.

       Іс-шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы қолөнер туралы, қолдан жасалған бұйымдардың қашанда бағасы артық екенін айтып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар ұлттық қолөнер ерекшеліктерін, оның түрлері мен қолөнерге қосқан өзіндік үлестері туралы әңгімелеп, қазақтың кесте өнері, ою-өрнек, құрақ көрпе тігудің қыр-сырымен бөлісті. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен танысқан қыздарға ұлттық қолөнер түрлерінен де шеберлік сағаты өткізіліп, жасалу жолы таныстырылды. Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздарды ою ойып, кесте тігу ерекше қызықтырды. Сонымен қатар жастарға жақсы ой салар әңгімелер айтылып, қолөнер шеберлеріне логикалық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Алтынбек Қапашұлы қолөнер шеберлеріне жылы лебізін білдіріп, Алғыс хат табыстады.

       Шарада «Ұлттық өнер – тәрбие негізі» тақырыбындакітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмеге кітапхана қорынан халқымыздың қолөнері, тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін бейнелейтін материалдар қойылып, қолөнер бұйымдары көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

 

«Қолөнерден сыр ұққан шеберлер»

       12 ноября 2021 года в 11.00 часов в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева прошел круглый стол «Қолөнерден сыр ұққан шеберлер».

       Цель: знакомство с культурой и традициями казахского народа, с технологией изготовления. Дать понятие о том, что древние обычаи, обряды и традиции отражают духовную жизнь народа. Привитие уважения к культуре и традициям казахского народа, воспитание казахстанского патриотизма.

       В работе круглого стола принимают участие: Члены Совета матерей при Ассамблеии народа Казахстана Актюбинской области Калиева Жумабике Шамшудиновна; Мастер-класс проводит руководитель клуба «Құрақ көрпе» Жаксымбаева Венера Маратовна, а также мастер рукоделья, педагог Аязбаева Гулден Жайылхановна, ученицы школы № 64 им. по У. Кулумбетову.

     В ходе мероприятия библиотекарь Лаура Ериковна рассказала о ремеслах, изделиях ручной работы. Участники круглого стола рассказали об особенностях народных промыслов, их видах и их вкладе в народные промыслы, а также поделились секретами казахской вышивки, орнамента, тростника. Читателям познакомившимся с особенностями народного декоративно-прикладного искусства, был проведен мастер-класс по народным промыслам и их изготовлению. Особый интерес мастеров рукоделия вызвала вышивка.Мастерам рукоделия задавали логические вопросы и играли в игры.В конце вечера заместитель директора библиотеки Алтынбек Капашович тепло поздравила мастеров рукоделия и вручила им благодарственное письмо.

     В рамках мероприятия была организована книжная выставка на тему «Ұлттық өнер –тәрбие негізі».

 

 

 

 

   

Обновлено 08.12.2021 09:52