«Өмір жырын шерте білген»

E-mail Печать PDF


2021 жылдың 18-қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттеріне қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген жазушы, шағын әңгіме шебері Сайын Мұратбековке арналған «Өмір жырын шерте білген» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. 

        Мақсаты: оқырмандарға Сайын даланың жазушысы Сайын Мұратбековтің шығармашылығын насихаттап, өмір жолына үңілу. Шағын әңгімелердің шебері жазушы, прозаик шығармаларын насихаттай отырып ой қалдыру.

 Шара барысында Лаура Ерікқызы жазушының шығармаларын насихаттап, назарларына ұсынылды. Студенттер «Жусан иісі» шығармасын талдап, кейіпкерлерге мінездеме жасады. деп аталуының себебі неде? «Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының сыры неде?», «Аянның бойынан қандай қасиеттерді көреміз?» деген секілді сұрақтарға ой-пікірлерін білдірді. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Райла Жасыбайқызы танымдық сағаттың соңында қорытынды сөзін айтып, кітапханаға алғысын білдірді. Іс-шарада тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалып, слайд көрсетілді.   

 

Обновлено 08.12.2021 09:28