«Қалам мен ғалам»

E-mail Печать PDF

2021 жылдың 17 шілдесі күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ақын, журналист Серік Қалиевпен «Қалам мен ғалам» атты сұр-сұхбат өткізді.

       Мақсаты: Жастарды ақын Серік Қалиевтің өмірі және шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

   Іс-шара барысында ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, әсем ән шырқалды. Ақын Серік Қалиевтің өмірінен сыр шертетін бейнефильм көрсетіліп, ақынның бастасымен түсірілген тәлім-тәрбиеге толы қысқа метражды фильмнен үзінді көрсетілді. Өз кезегінде ақын Серік Қалиев өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, тыңдарманға біраз өлеңдерін оқып берді. Ақынның өлеңдерін әдебиет сүйер қауым онлайн арқылы да  тамашалап, ерекше ықыласпен тыңдады. Ақынның жырлары көрермен жүрегіне бойлап, көңіліне ой салды.

       Кеште «Өлең мен өнеге» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеге кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Тамаша кеш соңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы сөз сөйлеп, ақын шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілегін жаудырып, сый-сияпатын тапсырды. Шараға өлкеміздің зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер, кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар қатысты.

 

«Қалам мен ғалам»

   17 июля 2021 года в областной юношеской библиотеке им. С.Жиенбаева в рамках 30-летия Независимости провела встречу-интервью«Қалам мен ғалам» с поэтом, журналистом Сериком Калиевым.      

     Цель: познакомить молодежь с жизнью и творчеством поэта Серика Калиева, привить подрастающему поколению патриотический дух и нравственные ценности.

        Во время мероприятия прозвучали душевные стихи поэта и исполнялись красивые песни. Был показан видеоролик о жизни поэта Серика Калиева, а также отрывок из образовательного короткометражного фильма, снятого поэтом. В свою очередь поэт Серик Калиев поделился о жизни творчестве, о создании своей поэзии и прочитал зрителям несколько своих стихотворений. Стихи поэта, любители литературы и наши читатели прослушали на странице в Instagram @biblioteka_zhienbaeva. Стихи и песни поэта тронули сердца зрителей, его стихи, берущие за душу... со смыслом. О жизни и любви.

       Также была подготовлена книжная выставка «Өлең мен өнеге». Сотрудница библиотеки Лаура Ериковна провела библиографический обзор выставки. Встреча с поэтом принесла всем присутствующим на мероприятии массу положительных эмоций и стала для многих удивительным и интересным открытием, молодые люди познакомились с жизнью и творчеством поэта, его человеческой природой и духовным миром. В завершение вечера директор областной юношеской библиотеки имени С. Жиенбаева Гульжайнар Нареновна пожелала поэту творческих успехов и вручила ему памятный подарок. В мероприятии приняли участие представители интеллигенции региона, а также молодые писатели, читатели библиотек и библиотекари.    

 

Обновлено 08.12.2021 09:08