«Еңлікгүл мен ерке қыз»

E-mail Печать PDF

 

 

  2021 жылдың 14 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлсамал Аймаханованың 60 жасқа толуына орай «Еңлікгүл мен ерке қыз» аттыкездесу кешін өткізді.

   Мақсаты: ақынның шығармашылығын жастарға таныту, қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау.

       Кешке ақын, «KEPEK.info» газетінің бас редакторы И.Кереева, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің директоры Қалтаева Лена Сәрсенәліқызы, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері мен Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ оқушылары, кітапханашылар қатысты.      

Гүлсамал Төрединқызы - «Көкемарал» мен «Еңлікүл» шығармаларының авторы. Кеш барысында жасөспірімдер ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Оқушылар өз тарапынан сұрақтар  қойып,  ақын өмірінен көптеген мағлұматтар алып, қызықты әңгіме тыңдалды. Гүлсамал Төрединқызы өзі секілді ақын боламын деген жыр сүйер жастарға ең бірінші ана тілін сүю қажет екенін, көп білім ғана адамды шыңға жетелейтінін айтып, ақыл-кеңес берді. Сонымен қатар Т.Ахтанов атындағы драма театрының гитарисі Әсет Сисенов пен әртіс Жанар Кемалбаева ақынның сөзіне жазылған «Айналдым Ақтөбем» әнін шырқады. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы Гүлсамал Төрединқызына жылы лебізін білдіріп, естелікке сыйлық табыстады. Ақынмен бетпе-бет жүздесуді асыға күткен жастар естелік суретке түсіп, қолтаңба алысты.

       «Жырдан бақыт іздеген...» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның жеке өмірі мен жұмыс барысы жайында біраз мәліметтер, арнайы әзірленген бейнебаян, слайд суреттері көпшілік назарына ұсынылды.

 

       В областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева прошел творческий вечер поэзии «Енлік гүл мен ерке қыз»,посвященный 60-летию со дня рождения журналиста, члена Союза писателей Республики Казахстана, поэтессы Гульсамал Аймахановой.

        Цель: познакомить молодежь с творчеством поэтессы, популяризировать казахскую культуру, искусство и литературу, привить навыки выразительного чтения стихов наизусть.

         Гости вечера:Поэт, главный редактор газеты «KEPEK.info» Индира Кереева, директор областного мемориального музея Героя Советского Союза А.Молдагуловой Калтаева Лена Сарсеналиевна,студенты Актюбинского гуманитарного колледжа и учащиеся школы № 64 имени У.Кулумбетова, библиотекари, читатели библиотеки.

       Гульсамал Терединовна является автором произведений «Көкемарал» и «Еңлікгүл». На творческом вечере Гульсамал Аймаханова рассказала о своих произведениях, ученики,сотрудники библиотеки  наизусть читали ее стихи, задавали вопросы гостье вечера. Гульсамал Терединовна посоветовала молодежи, которые хотят стать поэтами в первую очередь полюбить родной язык, и только большие знания могут привести человека к вершине. С музыкальными номерами выступили гитарист драматического театра имени Т.Ахтанова Асет Сисенов и актриса Жанар Кемалбаева исполнили песню поэта «Айналдым Ақтөбем». В завершении вечера директор библиотеки Гульжайнар Нареновна тепло поблагодарила Гульсамал Торединовну, пожелала ей творческих успехов и преподнесла ей памятный подарок сувенир.  

       Была организована книжная выставка «Жырдан бақыт іздеген...» где были представлены личные книги поэта, статьи из газет и журналов. Общественности были представлены специально оформленный видеоролик и слайды о некоторых сведених о личной жизни и творчестве поэта. В завершении творческого вечера  желающие сделали памятное фото, и получили личный автограф поэтессы.

         

       

Обновлено 08.12.2021 09:25