«Жастардың жалынды жырлары» атты өлкелік жас ақындардың отырысы

E-mail Печать PDF

    2021 жылдың 22 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ақ қауырсын» клубының ұйымдастыруымен «Жастардың жалынды жырлары» атты өлкелік жас ақындардың отырысы өтті.
    Кітапханада өткен басқосуда «MODERN» ұйымының жас қаламгерлері Дәурен Тілеухан, Жомарт Баймұхан, ақын, кәсіпкер - Есенбек Жұмағалиев мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Құдасова Үржан Құрманқызы, кітапханашылар қатысты.

    Мақсаты: Жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау; жас ақындардың өнерін өскелең ұрпаққа үлгі ету, Оқырмандардың поэзияға деген құштарлығын ояту.
    Шара барысында өлкелік жас ақындар өз кезектері келгенде тартынып қалмай, махаббат, жер туралы өлең-жырларын оқыды. Олардың өлеңдерін әдебиет сүйер қауым онлайн арқылы тамашалап, ерекше ықыласпен тыңдады. Ақындардың жырлары көрермен жүрегіне бойлап, көңіліне ой салды. Сонымен қатар «Өлеңмен өрілген өмір» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеге кітапхана қызметкері Шынара Кошанова библиографиялық шолу жасады.