«Сен жанбасаң лапылдап...» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

 

  2020 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде спорт саласында жетістікке жеткен жас спортшылармен «Сен жанбасаң лапылдап...» атты кездесу кешін өткізді.
  Шара қонақтары: бокстан ҚР чемпионатының чемпионы - Нұрым Сагидуллаев; Тоғызқұмалақтан ҚР чемпионы - Мөлдір Серікқызы; ҚР Грек-Рим күресінен Республикалық, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері - Рахат Бержанов; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры - Калдина Гүлжайнар Нәренқызы.

    Мақсаты: Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу және спортпен жиі айналысуға баулу, спорт түрлерін насихаттау.
     Кездесуде спортшылар спорт саласында жетістікке жеткен өз салалары бойынша қалай жетістікке жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтары мен қуаныштарын бөлісті. Сонымен қатар кітапхананың жас мамандары спорт пен денсаулық туралы өлеңдер оқыды. Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы спортшыларымызға құрмет көрсету кімге де болсын парыз, әрі қасиетті міндет екенін айтып, спортшыларға жылы лебізін білдірді. Тікелей эфирде тамашалаған оқырмандар көкейкесті сұрақтарын қойып, жас спортшылар сауалдарға жауап берді. Шара барысында «Спорт – жан серігі» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Шараға кітапханашылар, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.