«Ерім деген ел болмаса...» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

    2020 жылдың 12 ақпаны күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ауғанстан жерінде өткен соғысқа қатысқан ардагерлермен «Ерім деген ел болмаса...» атты кездесу кешін өткізді.

     Мақсаты: Ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу. Жастарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету.
     Шара қонақтары: Утепов Руслан Нугманович - полковник, Ақтөбе гарнизонының басшысы; Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы – «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы; Шведун Олег Витальевич – подполковник, жауынгер-интернационалист; Галеев Гумер Абдулвалиевич – «Жауынгерлік бауырластық» іздестірушілер жасағының төрағасы; Кулия Беймбет Оңғарұлы – подполковник, 30238 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары; Калдина Гүлжайнар Нәренқызы - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.
    Іс-шараны еліміздің гимнімен ашып, жүргізушілер Ауғанстан жерінде болған соғыс туралы, өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангерлер жөнінде мәлімет берді. Шараға қатысқан ардагерлер Ауған соғысы кезінде болған оқиғаларды, қатты қиналған сәттері туралы әңгімелеп берді. Өз кезегінде жастар түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауап ала алды. «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелері Топильская Екатерина «Наша боль», Холостенко Дарья «Полет» өлеңдерін оқыса, кітапхана қызметкерлері Шырайлым Құдасова мен Айнұр Тулегенова «Атамекен», ал Гүлнұр Бекенова «Сарбаздар» әнін орындады. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы кешті қорытындылап сөз сөйлеп, Алғыс хат пен естелікке сыйлық берді. Кітапханашы Алтынай Мажитқызы «Ауғанстан – жүректегі жара» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеш барысында «Афганистан болит в моей душе» атты бейнебаян және слайды көрсетілді. Кешке 30238 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері, №16 орта мектебінің оқушылары мен «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелері, оқырмандар қатысты.