«Екі жұлдыз» атты мерекелік кеш

E-mail Печать PDF

      2019 жылдың 27 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында жаңа жыл мерекесіне орай «Екі жұлдыз» атты мерекелік кеш өтті.
     Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағлұматтар беру. Мерекелік көңіл күй сыйлау. Бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.

      Жаңа жылдық шарамызды кітапханамыздың директоры Гүлжайнар Нәренқызы ашып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері жұптасып, әнді орындау шеберлігі және әнге сай костюмдері арқылы театрландырылған көрініс жасады. Сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасы болды. Кеш соңында әділ қазылар орындаушылық шеберлігімен оза шапқан жұлдыздарды әртүрлі номинация бойынша Алғыс хаттармен марапаттап, оларға сыйлықтар табыстады. «Екі жұлдыз» мерекелік кеш көңілді де қызықты өтті.
    Шара барысында «Төрлет құтты жаңа жыл» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалып, тақырыпқа сай слайд көрсетілді.Шараға үкіметтік емес ұйымдар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.