«Жалынды жастар – болашақ иесі» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

   2019 жылдың 26 қарашасы сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ақ қауырсын» клубының мүшелерімен бірге «Жастар жылына» орай «Жан серігім - домбыра» Республикалық байқаудың жеңімпазы Сансызбаев Нұрбек Мұратбекұлымен «Жалынды жастар – болашақ иесі» атты кездесу кешін өткізді.

      Мақсаты: Дәстүрлі әнші Нұрбек Мұратбекұлының шығармашылығын таныту, өз арамыздан шыққан үздіктерді жас толқынға үлгі ету. Білім мен еңбекті ұштастырудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен азаматтардың істерімен таныстыру. Қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау.
Ол қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп, көшпелі мәдениеттің көне, бай мұрасын қайта жаңғыртқан нағыз талант. Нұрбек Мұратбекұлы Ырғыз «Аймақты әнмен тербетіп» облыстық байқаудың бас жүлдегері, Нұр-Сұлтан қаласы «Азаттық үні» республикалық байқаудың бас жүлдегері, сондай-ақ «Жан серігім - домбыра» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Қазақ ұлттық өнер университетінің 2019 жылғы түлегі. Қазіргі таңда Шалқар ауданында Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің қызметкері. Дәстүрлі әнші.
     Кеш барысында Нұрбек Мұратбекұлы өмір жолын айта отырып, жетістіктерін, жасаған еңбектерімен таныстырды. Шараға келген жастар дәстүрлі әнші Нұрбек Мұратбекұлына көптеген сұрақтар қойып, қызықты әңгімелер тыңдап, ойын ойнатылды. Сонымен қатар әншінің орындауында дәстүрлі әндер тыңдалды. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы дәстүрлі әнші Нұрбекке жылы лебізін айтып, естелікке сыйлық берді.
     Кеште «Арайлы Ақтөбенің мақтаныштары» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға АГУ «Тарлан» колледжінің студенттері және №39 орта мектебінің оқушылары, оқытушылар мен оқырман қауым қатысты.