«Бүгінгі әдебиет және жастар» клуб мүшелері отырысы

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 20 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Бүгінгі әдебиет және жастар» атты клуб мүшелерінің отырысы өтті.

    Мақсаты: Әлемдегі трендке айналған көркем шығармаларды талқылап, өзектілігін анықтау; Қазақ әдебиетін жастарға насихаттау, кітап оқуға шақыру.
Шара барысында клуб жетекшілері «Жастар әдебиетінің бүгінгі жай-күйі», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық әдебиеттерді шетелге насихаттау» сынды өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ жастар әдебиет туралы өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Клуб мүшелері Әсем Қайрошова мен Арайлым Жумахметова, Гүлдана Ерболатова өлкелік ақындар С.Жиенбаев, Е.Ашықбаев, Е.Дүйсенбайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
І   с-шарада «Әдебиет өмір айнасы» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Бибігүл Хамзақызы библиографиялық шолу жасады. Көрмеге әр түрлі тақырыптардағы кітаптар қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.