«Артық туған асыл көп, айтар ойы киелі...» атты жыр кеші

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 19 қарашасы күні сағат 10.30-да С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде «Оқитын өлке» акциясы аясында өлкеміздің ақыны Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары насихаттауға «Артық туған асыл көп, айтар ойы киелі...» атты жыр кешін өткізді.

    Мақсаты: ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармасын насихаттау. Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, рухани мұраны сақтауға және әдеби кітаптарды оқуға ынталандыру болып табылады.
    Шараға қатысатындар: Демеубай Жолымбетов – күйші, жыршы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің студенттері, оқытушылар, кітапханашылар, оқырман қауым.
     Шараны жүргізген кітапхана қызметкері Нұрсұлтан Әбжан биылғы акция барысында таңдалып отырған ақын Сарышолақ Боранбайұлы жөнінде мағұлмат беріп, ақынның шығармаларын насихаттап, өлеңдерін оқып шығуға кеңес берді. Шараға қатысқан жастар Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары жөнінде әңгімелеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ақынның «Дос емес, дос сыртынан жамандаса», «Ұлы құм» шығармасын мәнерлеп оқыды. Жыршы Демеубай Жолымбетов Сарышолақ Боранбайұлының өлең-жырларын орындады.
Шарада Сарышолақ Боранбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, «Артында дастан, жыр қалып...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Шырайлым Құдасова библиографиялық шолу жасады.