«Ұлт мақтанышы – Бейімбет Майлин» атты танымдық сағат

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 12 қарашасы күні сағат 13.30-да С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ақ қауырсын» клубының мүшелерімен бірге Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей интернатында жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы – Бейімбет Майлин» атты танымдық сағатын өткізді.

     Мақсаты: Бейімбет Майлиннің шығармалары мен өлеңдерін жастар арасында насихаттау, көпшілікті кітап оқуға тарту.
    Шара барысында кітапхана қызметкері қаламгердің өмір жолын, қазақ әдебиетіне қалдырған мұрасы жөнінде мәлімет берді. Іс-шарада оқушылар жазушының туындыларын өзара талдап, айтар ойларын ортаға салды. Сұрақ-жауап әдісімен ойын ойнатылды. Жастар танымдық сағаттан келелі ой түйіп тарқасты.
Шарада «Ұлт мақтанышы – Бейімбет Майлин» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге билиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.