«Әннің сөзі – тарихтың көзі» атты әдеби-музыкалық кеш

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 10 қыркүйегі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Оқитын өлке» акциясы аясында өлкеміздің ақыны Сарышолақ Боранбайұлының шығармаларын, оның әдеби мұрасын насихаттауға орай «Әннің сөзі – тарихтың көзі» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

      Мақсаты: ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармасын насихаттау. Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, рухани мұраны сақтауға және әдеби кітаптарды оқуға ынталандыру болып табылады.
      Шараға қатысатындар: Жұбаназар Асанов - ҚР педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Нұрлыбек Қалауов –ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Талғат Тілеулес – С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері; облыстық мәдениет және өнер қызметкерлері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері; №34 орта мектебі мен №47 орта мектебінің оқушылары, кітапханашылар, оқырман қауым.
    Шараны жүргізген кітапхана қызметкері Шырайлым Құдасова биылғы акция барысында таңдалып отырған ақын Сарышолақ Боранбайұлы жөнінде мағұлмат беріп, ақынның шығармаларын насихаттап, өлеңдерін оқып шығуға кеңес берді. Шараға қатысушылар Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары жөнінде кеңінен әңгімелеп беріп, жастар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар №34 орта мектебінің оқушылары ақынның «Дос емес, дос сыртынан жамандаса» және «Ұлы құм» шығармасын мәнерлеп оқыды.
     Шарада Сарышолақ Боранбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, «Артында дастан, жыр қалып...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасады.