«Батыр ұрпағы киелі ордамызда» атты шара

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 29 шілде күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына «Шекті Тілеу батыр Айтұлы» қоғамдық қорының басқарушысы, «Адамның сұңқары», «Тілеу батыр», «Тілеу Айтұлы: батырдың оралуы», «Сағыныш» атты бірнеше кітаптардың авторы Қанатбай Елеусізұлы арнайы келіп, кітапхана қорына өзінің авторлық еңбектерін сыйға беріп табыстады.

Подробнее...
 

Сенбідегі «Ашық аспан астындағы кітапхана» жазғы оқу залы

E-mail Печать PDF

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың 30 шілдесі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта қала тұрғындарына және қала қонақтарына, жалпы қалың оқырманға арнап жазғы оқу залын ұйымдастырды.

Шара жазғы демалыс кезінде оқырмандардың демалысы мен кітап оқуына жағдай жасау, қоғамды оқу процесіне кеңінен тарту және қалалықтардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік туғызу мақсатын көздеді.

Подробнее...
 

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» әдеби сағат

E-mail Печать PDF

10 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби сағат өткізілді.

Шараның мақсаты: Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ұлы ақын Абайдың шығармашылығын жастарға тереңнен таныстырып, кітаптарына шолу жасау, қара сөздеріне тоқталу.

Обновлено 23.08.2016 10:34 Подробнее...
 

«Азаматтық бақылау» жобасының тұсаукесері

E-mail Печать PDF

   2016 жылдың 2 тамызы күні сағат 10.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында «Ақтөбе облысының ЕҮҰ қауымдастығы» ЗТБ ҚР мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырылған «Азаматтық бақылау» жобасының тұсаукесері болып өтті.

Подробнее...
 

«Бейбітшілік –ел ұраны» атты тарихи сағат

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 4 тамыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бейбітшілік –ел ұраны» атты тарихи сағат өткізілді. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында өткізілді.

Шараның мақсаты: Ерте кезде жауласушылардың жанжалын тоқтату мақсатында ежелгі дәстүр бойынша әйел ананың басындағы ақ орамал ортаға тасталған. Сондықтан шара барысында ақ орамалдың қадір қасиетін түсіндіру.

Бүгінгі шараға Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті - Дюсенова Айгүл Егізбайқызы; «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы қонақ ретінде қатысты.

Ақ орамалдың қазақтардың тарихында филасофиялық мағынасы терең. Ақ түс- тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді.

Обновлено 23.08.2016 10:34 Подробнее...
 


Страница 25 из 33

Сайтта отырғандар

Сейчас 69 гостей онлайн